Білім • 26 Тамыз, 2020

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған онлайн мектеп ашылды

563 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда "LIDER Z" мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кәсіби онлайн мектеп әлеуметтік жобасы басталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған онлайн мектеп ашылды

Жоба ерекше қажеттіліктері бар адамдарға компьютерлік сауаттылықты үйреніп қана қоймай, мамандық алуға да көмектеседі. Жобаға қатысушылар кейіннен тәлімгерлікпен жалғасатын оқудан бастап жұмысқа орналасуға дейін толық циклден өтеді.

Білім беру бағдарламасына компьютерлік сауаттылықтың базалық дағдылары, Графикалық дизайн, типография және SMM-менеджмент кіреді. Бағдарлама еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды қамтиды. Жобаға қатысушылар оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналаса алады.

"ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде 695 000 астам мүгедек адам тұрады, бұл ретте 424 000 адам еңбекке қабілетті жаста. Алайда олардың төрттен бір бөлігі ғана еңбек қызметіне тартылған. Біздің жоба ерекше қажеттіліктері бар адамдарға әлеуметтенуге, сұранысқа ие мамандық алуға және жұмыс табуға көмектеседі", - деді "Ерекше таңдау-Шелек" КҚ бағдарламалық директоры Захира Бегалиева.

Оның айтуынша, оқуға 137 адам өтініш берген.

Корпоративтік қор "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесіп "LIDER Z" жобасына бастама жасады.

Ұйымдастырушылар қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты стигматизация әлі де бар екенін атап өтті. Өйткені, көптеген жұмыс берушілер оларды белгілі бір салада жеткілікті білікті емес деп санайды, себебі жетістікке жеткен және өнеге тұтар жандар саны аз. Ал осы "LIDER Z" жобасы бұл мәселені шешуге мүмкіндік береді.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.